Кездесу «Жұлдыз» стадионында өтті. Бірден айта кету керек, жаттығуға енді кіріскен «Ақсу» футболшылары Премьер-лигада өнер көрсететін облыстың бас командасына лайықты қарсылық көрсете алмады. Бірінші таймда айып соққысын сәтті орындаған Ertis ойыншысы Рафкат Аслан есеп ашса, сәлден соң команда капитаны Карлуш Фонсека көрсеткішті еселеді.

Кездесудің екінші бөлігінде павлодарлықтар «Ақсу» қақпасына тағы алты гол соқты. Изат Күлжанов пен Максим Житнев екі-екі рет мергендігін танытса, Руслан Мингазов пен Арман Нүсіп бір-бір голдан соқты. Қорытынды есеп 8:0.

Ertis ФК бас бапкері Милан Миланович ойынға мынадай құрамды шығаруды жөн көрді:

1-тайм:

Черник, Есімов, Сартаков, Аслан, Шмидт, Хрипков, Ысқақов, Красноперов, Кеңесов, Подио, Фонсека.

2-тайм:

Қапанов, Почивалин, Стаменкович, Кузнецов, Шмидт, Күлжанов, Добрас, Санкович, Мингазов, Нүсіп, Житнев.

Айта кетейік, коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты Қазақстан чемпионаты 16 наурызда уақытша тоқтатылды. Ertis ФК екі турдан кейін бір ұпаймен тоғызыншы орында тұрақтады.

Айбек Жұматов

Фото: Ertis ФК

pavlodarnews.kz

Тэги: Ертіс ФК, Ertis ФК, футбол, спорт, ҚПЛ, Премьер-Лига