Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірдегі ірі шаруа қожалықтардың бірі «Пахарь» ЖШС-нің жұмысымен танысты.

Железин ауданындағы 140 адам жұмыс жасайтын қожалық жеке агроқалашықта орналасқан. Онда әрқайсы 12 пәтерлі екі қабатты 4 үй тұрғызылған. Кәсіпорын жұмыскерлері тегін тұрады және коммуналдық қызметтерге ақы төлемейді. Сондай-ақ қалашықта Мәдени-ойын-сауық кешені, бассейн, спортзал, дәмхана, дүкен салынған. Мектептке дейінгі шағын орталық пен фельдшерлік амбулатория бар.

Шаруашылық ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен және өңдеумен айналысады. Иелігінде 35 мың гектар жер бар.

- Кәсіпорынның жүрегі - суармалы егін болып табылады, - деді қожалық өкілі Олег Литвиненко. - 9200 гектар суармалы жеріміз бар. Негізінен астық егіледі. Жүгері, картоп, сәбіз өсіреміз. Оған қоса, люцерна өндірумен айналыса бастадық. Жас шаруашылық болсақ та гектарынан 50 тонна картоп алып отырмыз. 12 мың тонналық қоймамыз бар. Қазір тағы бір 12 мың тонналық қойма салып жатырмыз. Енді суармалы жерді тағы 3 мың гектарға арттырсақ дейміз. Оны Мичурин ауылның маңайынан қарастырып отырмыз.

Кәсіпорын егін саласындағы шет елдік мамандарды тарту арқылы оқу-тәжірибелік орталық ашпақ. Сондай-ақ өз мамандарын қашықтықтан ПМУ-да жоғары білім алуға жібермек.

«Пахарь» ЖШС-де 4200 аналық ірі қара мал бар. Сүт тауарлы фермасында голштин тұқымды 1200 сиыр сауылады.

Олег Литвиненко кеше ғана әр сиырдан 25 литр сүт алатын көрсеткішке жеткендерін атап өтті.

- Біз бұл көрсеткішке 3 жылдан кейін жетеміз деп жоспарлағанбыз, - дейді Олег Литвиненко. - Күніне 25 тонна сүт өндіреміз. Қазіргі уақытта 1200-дің 970 сиыры сауылады.

Облыс әкімі шаруашылықтың шынайы көрсеткіштерге қол жекізіп отырғанын айтты.

- Ірі кәсіп жүретін жерге ғылымды тарту өте маңызды, - деді Әбілқайыр Сқақов. - Мамандардың біліктілігі сапаның да, санның да артуына сеп болады. Сүт өндірудегі көрсеткіш қуантады. Осындай тұрақты жеп-шөп қорымен күніне 30 литр сүт алуға болады. Ал, суармалы алқапты қай аумақтағы жерден қосу керектігін қарастыру қажет.

- Ірі кәсіп жүретін жерге ғылымды тарту өте маңызды, - деді Әбілқайыр Сқақов. - Мамандардың біліктілігі сапаның да, санның да артуына сеп болады. Сүт өндірудегі көрсеткіш қуантады. Осындай тұрақты жеп-шөп қорымен күніне 30 литр сүт алуға болады. Ал, суармалы алқапты қай аумақтағы жерден қосу керектігін қарастыру қажет.

Оразбек Саяхат

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: