Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Полицейлер интернет-алаяқтық күдігімен жергілікті тұрғынды ұстады. Ол әлеуметтік желіде фейк аккаунттарды құрып, бренд телефондарды арзан бағаға жеткізіп беретінін жариялаған. Атап айтқанда, iPhone смартфондарының соңғы нұсқаларын 200 000 теңгеге ұсынған, ал шын мәнінде бұл телефондар айтарлықтай қымбат тұрады. Ол әлеуметтік желілерге телефондардың суреттерін орналастырып отырған. Қаланың екі тұрғыны күдіктінің құрығына түсіп қалғаны белгілі болды», - делінген қалалық Полиция депатертаментінің мәліметінде.

Анықталғандай, аталған екі адам телефонды жеткізіп беремін деген күдіктінің электронды әмиянына ақшаларын аударып үлгерген. Алайда тауардың бар немесе жоқ екенін тексермеген.

Қазіргі кезде оның осы тектес басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

«Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы аумағында 620 интернет-алаяқтық тіркелді, оның 80 пайызы онлайн саудаға қатысты болып отыр», - делінген хабарламада.

pavlodarnews.kz

Тэги: