7-сыныпта оқитын Ақансері Қайролла «Менің түсінігімдегі рухани жаңғыру» тақырыбында ғылыми жұмыс жазған. Жетекшісі - тарих және географи мұғалімі Баршагүл Хажихан.

- Сәтбаев оқуларына қос шәкіртім қатысып, екеуі де жүлдегер атанды, - дейді Баршагүл Хажихан. – Алуа Қайыртасованың жұмысы Мағжан шығармашылығына арналды. Ақансері «Рухани жаңғыруды» өзінің түсінуінде зерделеп берді. Жаңғыру үшін жастарға үлгі болатын тұлға керек. Сондықтан өнерімен елді тәнті етіп жүрген жергілікті батырлардың бірі Жеңісбек Қадырұлын таңдады.

Жеңісбек Қадырұлы – ҚР «Мәдениет майталманы», Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде көпшілік ағарту бөлімінің маманы. Экстремал жанры бойынша «Темір адам» ретінде Қазақстанның рекордтар кітабының тізіміне енген.

- Менің зерттеу тақырыбыма болмысы бөлек батыр тұлға, болашақ ұрпаққа өнеге болар ағамыз – Жеңісбек Қадырұлы арқау болды, - деді Ақансері Қайролла. – Ең алғаш ағаймен Потанин атындағы музейге барғанда таныстым. Жеңісбек ағамыздың айтуынша, мұндай ерекше қасиет ата-бабасынан дарыған. Бір күні түсінде атасы аян бергенін естіген. Әкесі бабаларының бойында осындай ерекше қасиет болғанын айтқан. Мұндай алып күш бабамыз Қажымұқан Мұңайтпасұлында да болған. Осындай деректермен зерттеу жұмысы барысында оқып танысып, бұрын білмейтін көп мәліметтерді кездестірдім.

Еске салайық, «Темір адам» атанған Жеңісбек Қадырұлы – пышақпен денесін кесіп, өткір араның жүзіне, шынының үстіне жатып, үстінен он шақты адамды өткізетін экстремал. Тісімен 32 келілік кір тасын, екі шынашағымен 16 келі екі кір тасын көтеріп, өнер көрсетеді.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: