Кеңес барысында сөйлеген облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының м.а. Руслан Тілеулесовтің ақпаратынша, биыл облыстың жоғары оқу орындарын 3321 түлек тәмамдайды. Басқарма өкілдерінің жүргізген сараптамасына сәйкес, 99 түлек жұмыссыздар қатарына қосылады.

- Дегенмен, жастарды жұмыспен қамту мақсатында барынша мүмкіндік жасаймыз, - дейді Руслан Тілеулесов. – Мысалы, «Еңбек» бағдарламасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1319 адамды оқыту жоспарлануда. Оған қоса, 705 адам жастар тәжірибесіне жолданады. Ал жаңа бизнес-идеялар иелеріне 200 АЕК көлемінде 955 грант табыс ету көзделуде.

Руслан Тілеулесовтің айтуынша, биыл «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 400 жас маман ауылдық жерге аттанады. Оларды 100 АЕК көлемінде көтерме өтемақы мен әлеуметтік баспанамен қамту қарастырылуда.

Осы орайда, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов ауыл жастарының саны жөнінен облысымыз еліміздегі ең төменгі орындардағы өңір екендігін атап, ауыл жастарына ерекше назар аударуды тапсырды.

Айбек Жұматов

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: жастар саясаты, Әбілқайыр Сқақов, Руслан Тілеулесов, жұмыспен қамту