Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қоқыстың жануы туралы хабарлама №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне сағат 20:18 минутта келіп түскен. 

- Шақырту орнына № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің № 3 кезекшісі екі автоцистерна және 1 АЦ, № 6 өрт сөндіру бөлімінің кезекші қарауылы жіберілді. Оқиға орнына келген соң барлау барысында салынып жатқан үйдің 200 шаршы метр ашық аумағында жиналған тақтайлар мен құрылыс материалдарының жанғаны анықталды, - дейді департаментте.

Сондай-ақ, үй иесі өрт сөндірушілерді газ баллондары бар екенін ескерткен.

Барлау барысында  азаматтық қорғау старшинасы Ж. К. Балгожиновтың басшылығымен № 1 МӨСБ кезекші ауысымының жеке құрамы 3 газ баллонын және 50 литр газ баллонын эвакуациялады.

 

Фото: Павлодар облыстық ТЖД

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам