Май ауданының 14 ауылы бір ай ішінде сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі. Бүгінде тұтынушыларға суды тестілік режимде беруде.

- Май топтық су құбырының магистральдік желілерінің ұзындығы 147 шақырымды, ал ұзын кентішілік тарату желілерінің ұзындығы 187 шақырымды құрайды, - деп атап өтті жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан Сатиев. - Қазір Баскөл ауылындағы су жинау стансасында тазарту жабдықтары мен резервуарларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық сынақ жұмыстары маусым айының соңына дейін аяқталады.

Айта кетерлігі, бүгінгі күні май топтық су құбырына жалпы 2133 үйдің 1687-сі қосылған. Тұрғындар саны 9703 құрайды.

- Жергілікті биліктің басты міндеті - жеке аулаларды орталық сумен жабдықтауға барынша қосуды қамтамасыз ету, - деді аймақ басшысы. - Суды әр үйге жеткізу басты көрсеткіш болып табылады. Егер орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосылу нүктесі ауладан жүз метр қашықтықта болса, тұтынушылар үшін үйге су кіргізу қиын болады.

Май топтық су құбырының қуаты тәулігіне 4 мың текше метрді құрайды. Бұл 20 мың адамды қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Сондықтан қазір Ақсу ауылдық аймағының жақын елді мекендерін топтық су құбырына қосу мүмкіндігі қарастырылуда.

Павлодар облысының әкімі бұл мәселені сумен жабдықтаудың технологиялық процесіне зиян келтірмей қарауды тапсырды.

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: