Фронт кеңсенің жұмысы азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қызметтерді жедел әрі оңай түрде алуға бағытталған.

Орталықтың ашылуына Аққулы ауданының әкімі Абзал Балғабаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Ардақ Балғожин, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы республикалық арнайы монтиорингтік тобы төрағасының орынбасары Рафаель Гасанов, облыстық арнайы мониторингтік тобының мүшесі Еркеғали Жанғазы және аудан тұрғындары қатысты.

- Ашық әкімдікте мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, мемлекеттік қызметті алу жолдарын көрсетті, - дейді аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Салтанат Әміржанова. - Алдағы уақытта да бұл орталықта аудан тұрғындарына жер қатынастары, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және сәулет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсетілетін болады. Сонымен қатар, аудан тұрғындары мемлекеттік мекемелердің өкілдеріне тікелей сұрақтар қойып, мәселелер, шағымдар және ұсыныстар беруге мүмкіндіктері бар. Орталық ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы құрылған.

Бүгінгі күні ауданда жергілікті атқарушы органдармен 84 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа ауыстыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

«Ашық әкімдік» кеңсесі жұмыс күндері азаматтарды қабылдап, қажетті мемлекеттік қызметтер көрсетілетін болады.

 

Фото: Аққулы ауданының ішкі саясат бөлімі

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам