«ЕЭК» АҚ корпоративтік коммуникациялар қызметінің мәлімдеуінше, ауруханада коронавирус инфекциясына сынама алынған. Тестілеу қорытындысы оң нәтиже берді.

- Соңғы ауысымда ол мамырдың 25-і күні жұмыс істеді, - деді корпоративтік коммуникациялар қызметінде. - Осы қызметкермен байланыста болған тұлғалар тізімі анықталды. Оның жұмыс орны және ол жұмыс істейтін цех мұқият дезинфекцияланды. Біз ауырған әріптесімізге барлық қажетті көмек көрсетеміз және оның тез арада сауығып шығуына тілектеспіз. Біздің негізгі мақсатымыз - бізде жұмыс істейтін адамдардың, олардың отбасыларының және жергілікті қоғамдастықтардың әл-ауқатын арттыру.

Бүгінгі күні кеніш штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өндірістік процестер қандай да бір өзгеріссіз жүзеге асырыла береді.

Айта кетейік, Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы (ЕЭК) – Қазақстандағы ең ірі электр энергиясы мен көмір өндірушілердің бірі.

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: