Бұл туралы Успен ауданының әкімдігі мәлім етті.

- Мемлекет басшысы жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Успен ауданының әкімдігімен аудандық ХҚКО ғимаратында орналасқан сервистік әкімдік іске қосылды. Осындай форматтың ыңғайлылығы - барлық бөлімдер бір ортақ фронт кеңседе орналасқандығында, - деді аудан әкімдігінде.



Жобаның басымды бағыттары мемлекеттік органдардың қызметіне қолжетімділікті, ашықтықты қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде төрешілдік тәртіптерді алып тастау, сондай-ақ тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

- Енді аудан тұрғындары ХҚКО-на келіп «осында және қазір» қағидасы бойынша сапалы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігіне ие, - деді әкімдікте.

pavlodarnews.kz

Тэги: