Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті.

- COVID-19  Екібастұз қаласындағы 1971 жылғы әйел адам мен 2007  жылғы қыз балада анықталды, - деді комиссияда. - Бұл тұрғындарға тексеру бұған дейін жақын қатынаста болғандарда КВИ жұқтыру фактісі  анықталғанына орай жүргізілді. Сондай-ақ Екібастұз қаласындағы 1935 жылғы және 1990  жылғы ер адамдарда және 1940 жылғы Павлодар қаласының түрғынында анықталды. 85 жастағы қария бұған дейін жақын қатынаста болған адамда КВИ жұқтыру фактісі  анықталғанына орай тексерілді. Екінші ер адам дене қызуының көтеріліп, өзін нашар сезінгеніне байланысты медициналық көмекке өздігінен жүгінген. ПТР тексеруде КВИ анықталды.

Сонымен қатар, 80 жастағы  павлодарлық жоспарлы емханаға жатқызылуына орай облыстық кардиорталықта тексерістен өткен. 28 мамырда COVID-19 бойынша сараптама оң нәтиже көрсетті. Пациенттер Екібастұз және Павлодар  қалаларының инфекциялық стационарларына жатқызылды.

- Тұрғылықты және жұмыс орындары бойынша  байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталды. Мамандардың күшімен ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр, - деді комиссияда.

Айта кетейік, 29 мамырдағы жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 202 факті тіркелген.

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk