Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Күндіз Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Ақтөбе, Қостанай облыстарында күн күркіреуі ықтимал. Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды, желдің күшеюі 15-20 м/с, шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде күн күркірейді, найзағай, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Түркістан, Қарағанды облыстарының батысында, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.

Павлодар облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

pavlodarnews.kz

Тэги: