Құрметті жерлестер! Бүгін біз саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алудамыз.

Кеңес Одағы кезіндегі жаппай қуғын-сүргіндер тарихымыздың қайғылы беттеріне айналды. Қазақстанда статистика бойынша 100 мыңға жуық адам сотталды, 20 мыңнан астам адам ату жазасына кесілді. Республика аумағында көптеген лагерьлер құрылып, оларға 5 миллионнан астам адам жер аударылды.

Сол жылдары Қазақстан ұлы зиялыларынан айырылды. Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев және басқалары біздің және болашақ ұрпақтың санасында әділеттік үшін күрескен ұлы тұлғалар болып қала бермек. Біз олардың алдында басымызды иіп, тағзым етеміз.

Репрессия кезінде күштеп жер аударылған басқа этникалық топтар үшін Қазақстан екінші үйіне айналды. Біздің ата-бабаларымыз даналық пен мейірімділігін танытып, оларды достық ықыласпен қарсы алды.

Біз әрқашан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, тарих сабақтарын ұмытпай, тәуелсіздігімізді бағалай білуіміз керек.

pavlodarnews.kz

Тэги: