Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

-    Депаратмент қызметкерлері мамыр айында өңірдің суқоймаларында жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша 249 рейд жүргізді, - деді баспасөз қызметінде. – Рейдтер барысында қызметкерлері 1570 адамға жадынама таратты. Олардың ішінде 377 бала бар.  Рейдтерге облыстың білім беру басқармасы мен бөлімдерінің мамандары, жергілікті полиция қызметі мен ювеналды полиция қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың волонтерлері қатысты.

Рейд жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 364-ші «Ортақ су пайдалану ережелерін бұзу» бабы бойынша  тыйым салынған жерлерде шомылған 77 адам жауапкершілікке тартылды.

-    Осы баптың санкциясы бойынша алғаш рет құқық бұзушылық жасаған адамға ескерту беріледі. Егер, ол адам бір жыл ішінде осы құқық бұзушылықты қайталап жасаған болса, оған екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, - деді департаментте.

Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметкерлері жағажайларда алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің 440-шы бабымен 5 адамды жауапкершілікке тартқан. Тәртіп бұзушыларға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Егер, олар жыл соңына дейін осы бап бойынша тағы да ұсталса, 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: