Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі жазды.

Университет мәліметтеріне сәйкес, әлемде COVID-19 6 057 553 адамнан анықталған, 369 106 пациент инфекцияның құрбаны болды, тағы 2 564 544 адам сауығып шықты.

Вирус ең көп тараған елдердің тізімі мымнандай:

АҚШ - 1 769 776 жұқтырған, 103 768 адам қайтыс болды,

Бразилия - 498 440 жұқтырған, 28 834 қайтыс болды,

Ресей - 396 575 жұқтырған, 4555 қайтыс болды,

Ұлыбритания - 274 219 жұқтырды, 38 458 қайтыс болды,

Испания - 239 228 жұқтырған, 27 125 қайтыс болды,

Италия - 232 664 жұқтырған, 33 340 қайтыс болды,

Франция - 188 752 жұқтырған, 28 774 қайтыс болды,

Германия - 183 189 жұқтырды, 8530 қайтыс болды,

Үндістан - 181 827 жұқтырған, 5185 қайтыс болды,

Түркия - 163 103 жұқтырған, 4515 қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирус бойынша басқа статистиканы келтіреді. ДДҰ-ның соңғы мәліметтеріне сәйкес, COVID-19 жұқтыру жағдайлары әлемде 5 819 962-ге жетті, 362 786 адам қайтыс болды. Бір тәулік ішінде әлемде 108 220 адам инфекция жұқтырған.

Ал Қазақстанда барлығы 10 858 адам коронавируспен тіркелген. 5220 адам сауығып, 38 науқас қайтыс болды.

pavlodarnews.kz

Тэги: