2020 жылдың 1 маусымынан бастап Аққулы ауданы мен Шідерті кентіндегі блокбекеттер алынады.



Кіре берісте дене қызуын қашықтықтан өлшей отыра темір жол вокзалдары, автовокзалдар, автостанциялар жұмысына кіріседі.

Қоғамдық көліктер жұмысы уақытын шектемей жаңғыртылады.

Бақтарға, алаңдарға, саябақтарға, жағалауларға баруға уақытты шектемей рұқсат беріледі.

-    Бұның бәрінде бетперделік және дезинфекциялық режимді, 1 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет, - делінген қаулыда.



Сондай-ақ азық-түлік базарлары жұмысына сағат 7:00-ден 18:00-ге дейін, аумағы 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түлік тауарлары нысандарының жұмысына сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін рұқсат беріледі.  

Минимаркеттер, үй жанындағы дүкендер жұмысына сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат беріледі.

- Бұның бәрінде ереже бұзушылықтар анықталған жағдайда құзіретті және ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дереу шаралар қабылдау қажет, - делінген қаулыда.



Сонымен қатар, бір уақытта келушілер санын 30 адамнан көбейтпей шектеу арқылы қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысына сағат 8:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат беріледі.

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk