Бұл туралы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Еске салайық, өңірде коронавирустық инфекциядан тағы бір өлім жағдайы тіркелген болатын.

- Павлодар облысының тұрғыны, 1966 жылы туылған әйел адам көп жылдар бойы жүрек-қантамыр ауруы, қант диабеті (инсулинге тәуелді) және бүйректің созылмалы ауруымен есепте тұрды. Әйел адам 23 сәуірде КВИ расталған жағдаймен жақын байланыста болғандықтан жедел жәрдем бригадасымен карантиндік ауруханаға жеткізілді, - деді басқармада.

24 сәуірде науқаста COVID-19 инфекциясы расталып, бірден инфекциялық ауруханаға ауыстырылды.

26 сәуірде жағдайы нашарлап, жансақтау бөлімшесіне ауыстырылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. 6 мамырдан бастап өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.

-    Науқасқа толық медициналық көмек көрсетілді. Қажет мамандардың консультациясы жүргізілді. Күнделікті 2 рет Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының сараптама тобымен консилиумдар өткізілді. Емдеу ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілді, - деді басқармада.

Өткізілген қарқынды терапияға қарамастан 2020 жылғы 30 мамыр күні сағат 2:25-те әйелдің биологиялық өлімі анықталды.

-    Өлім нәтижелерін зерделеу жөніндегі комиссия шешімімен өлім жағдайы коронавирустық инфекциядан болып тіркелді. Қайтыс болған адамның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз, - деді басқармада.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Павлодар облысында КВИ жұқтырған 205 адам анықталған. 149 адам індеттен жазылып шығып, 3 адам көз жұмған.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk