Бұл туралы Павлодар қаласының трамвай басқармасы мәлім етті.

- Балаларды қорғау күнінде Павлодар қаласының трамвай басқармасы 7 жастан жоғары балаларды да мектеп құжатын көрсеткен жағдайда тегін тасымалдайды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Павлодар облысы бас санитарлық дәрігерінің қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес, қоғамдық көлік уақыт шектеуінсіз жұмысын жалғастырады. Қоғамдық көліктерде бетперде тағу режимі сақталады.

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: