- Шараның мақсаты балалардың дене шынықтыру сабақтарына деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру болып табылады, - дейді қалалық білім беру бөлімінің бас маманы Құралай Күзеева. – Акция таза ауада бөгде адамдардың қатысуынсыз өтті. Сондай-ақ, барлық сақтық шаралары және санитарлық нормалар қатаң сақталды.

№ 96 сәбилер бақшасының басшысы Майра Қожахметова балаларды халқымыздың ұлттық дәстүрлерімен таныстыру мақсатында алтыбақан қойылып, киіз үй тігілгенін атап өтті.

Мереке барысында Жасыбай батыр, кимешек киген әже, сайқымазақ, «Маша» сияқты кейіпкерлер балабақша тәрбиеленушілерімен ойын ойнап, көңіл көтерді.

- Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай түрлі ойындар ойнап, күнімізді өте қызықты өткізудеміз, - дейді № 96 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі 5 жасар Варвара. - Біз үшін бұл - достар күні, қуаныш пен бақыт күні. Барлық балаларға ақылды, әдемі болуды және әрдайым күліп жүруді тілеймін.

Шара соңында барлық топтарға бауырсақ пен жеміс-жидек себеттері таратылды.

Айта кетейік, 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қаланың 90 мектепке дейінгі ұйымында барлығы 450 кезекші топ ашылды. Мектепке дейінгі ұйымдарда есепте тұрған балалардың жалпы саны 18971 құрайды. Бүгінгі күні олардың 34,6 пайызы барады.

Айгүл Жүсіпова 

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: