Шараға өз видеоматериалдарын жіберген қалалық және аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары, 5-11-сыныптарының 46 оқушысы қатысты.

- Байқауға жан-жақты дарынды, поэзияны сүйетін, ақынның шығармаларын мәнерлеп, көркем оқи алатын қасиеті әрі ақындық қабілеті бар, күйлерін нақышына келтіріп орындайтын оқушылар қатысты, - деді оқу-әдістемелік орталығында. - 46 оқушы арасынан озып шыққан 15 оқушы 1,2,3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды. Қазылар алқасының шешімі бойынша «Мен – Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!» ақын өлеңдерін жатқа оқу бағытында 1-ші дәрежелі дипломға Баянауыл ауданы Шадыра мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің 8-сынып оқушысы Бүркіт Қали ие болды.

«Тартынбай сөйлер асылмын...» жас ақындар бағытында 1-і орынды екібастұздық С.Торайғыров атындағы №22 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Бексұлтан Қайдаров иеленді.

«Ұлы арман» ән, күй орындау бағытында 1-ші дәрежелі дипломмен Павлодар қаласы №38 ЖНББМ 8-сынып оқушысы Махамбет Рамазан марапатталды.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: