Қаланың оңтүстігіндегі Совхозная, Репина, Таганрогская, Молодогвардейская көшелеріндегі жұмыстар аяқталуға жақын. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Павлодар әкімі Қайрат Нүкенов хабарлады.

- 1 Южная, Лесозавод пен Радиозавод мөлтек аудандардағы бұрын топырақты жол болған көшелер асфальтталмақ, - деді Қайрат Нүкенов. – Совхозная, Репина, Таганрогская, және Баймолдин-Назарбаев аралығындағы Молодогвардейская көшелеріндегі жұмыстар аяқталуға жақын. Лесозаводта «ИНЕК Казахстан» ЖШС жалпы ұзындығы 11,7 шақырым жолды жөндеуге кірісті.

Сонымен бірге, шаһар басшысы атап өткендей, Екінші Павлодардың Ленинградская, Московская, Барнаульская көшелерін асфальттап, бордюр орнату жұмыстары басталған. Тағы сегіз көшеде қиыршық тас төселуде.

Казправда мен Ломов аралығы мен Малайсары батыр мен Нұрмағамбетов көшелері аралығындағы Қамзин көшесінде асфальт жамылғысы төселді.

Одан бөлек, Павлов, Амангелді мен Абай көшесі ретке келтірілмек.

Естеріңізге сала кетейік, демалыс күндері облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Абай көшесіндегі жөндеу жұмыстарымен танысты. Осы орайда өңір басшысы мердігер ұйымға бірқатар ескерту айтты.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: жол, асфальт, Қайрат Нүкенов, абаттандыру