COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметінше, олардың бесеуі – Павлодар қаласында, бесеуі - Екібастұз қаласында, біреуі – Май ауданында.

2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша COVID-19 1957 жылы туған, 1977 жылы туған, 1982 жылы туған, 1987 жылы туған, 1988 жылы туған ер адамдарда және 1935 жылы туған, 1957 жылы туған, 1962 жылы туған, 1965 жылы туған, 1967 жылы туған және 1980 жылы туған әйел адамда анықталды.

- Төрт науқаста тексерістер бұған дейін жақын  байланыста жұқтыру фактісі анықталғанына  байланысты жүргізілді. Алты адам өздерін нашар сезінгеніне байланысты медициналық көмекке өздігінен жүгінген және бір адам КВИ белгілерінің жоқтығы негізінде медициналық профилактикалық тексерістен өткен. 85 және 55 жастағы әйел адам, сондай-ақ 63 жастағы ер адам өкпенің қабынуы алдын ала диагнозымен госпитальға жатқызылған, - дейді комиссияда.

Барлық жағдайда ПТР-зерттеу КВИ-ді анықтады.

Пациенттер Екібастұз және Павлодар қалаларының инфекциялық стационарларына жатқызылды.

Тұрғылықты және жұмыс орындары бойынша байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталды.

ҰСО филиалы мамандарының күшімен ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Эпидемияға қарсы шаралар ошақтарда жалғасып жатыр.

Бүгінгі күні 1 маусымдағы жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен ауырған 217 факті тіркелген.

 

Фото: ашық көздерден

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Covid-2019