Павлодар қалалық білім беру бөлімінің мәлімдеуінше, фестиваль «Болашақтың музыкалық әлемі» жобасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қашықтықтан іске асырылуда. Фестивальдің ашылуына мектептің 26 оқушысы қатысты.

- Фестивальдің мақсаты – талантты балаларды қолдау, Қазақстан халқының тарихын, мәдениетін, дәстүрін білу, - деді білім беру бөлімінде. – Ашылу салтанатына қатысушылардың орындауында Рүстембек Омаровтың «Жастық шақ», Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш», Ақансерінің «Қараторгай», Сейтектің «Тойбастар», Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» туындылары, қазақ халық әндерінен попуррилер шырқалды. Әртүрлі аспаптардың дыбысталуының арқасында бұрыннан таныс әуендер жаңаша орындалды.

Сонымен қатар, «Мелодия души» халықаралық шығармашылық конкурсының лауреаты Аврора Осокина орындауында «Менің Қазақстаным» әні, «Жас Дарын» халықаралық көпжанрлы балалар, жасөспірімдер және жастар өнер фестиваль-конкурсының, «Мелодия души» халықаралық шығармашылық конкурсының лауреаты Рамазан Қалелдің орындауында «Быть человеком» әні шырқалды. Қорытындысында «Жас Дарын» халықаралық көпжанрлы балалар, жасөспірімдер және жастар өнер фестиваль-конкурсының лауреаты «Bright» вокалдық ансамблі «Солнечный круг» әнін орындады.

Айта кетейік, музыка мектебінің фестивалі 5 маусымға дейін жалғасады және гала-концертпен аяқталады.

pavlodarnews.kz

Тэги: