- Клуб басшылығының жұмысы дұрыс болмағаны анық, - дейді Анатолий Шушканов. – Ақыры, футбол ешкімге қажетсіз болып шықты. Ал енді Қазақстанда ғана емес, шетелде де зор абыройға ие болған команда жабылмақ. Бұл - сұмдық. Бірдеңе істеу керек. Команданы құтқару керек.

Дегенмен, Анатолий Дмитриевич кез келген жағдайда, тіпті Ertis барлығын қайта бастаған кезде де сүйікті командасына қолдау көрсететінін айтты.

- Мен бар болғаны жанкүйермін. Үлкен басшылардың қолынан келмеген нәрсе менің қолымнан қалай келеді? Әрине, команда чемпионатты жергілікті жігіттерімен аяқтауға шешім қабылдаса, ондай қадамды қуана қарсы алар едім. Мүмкін одан жақсы нәтиже шығар еді. Алайда команда Екінші лигада бәрін қайта бастаса, барып қолдаймын. Құдай қуат берсе, әрине, - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы қаржылық және спорттық міндеттерін атқара алмайтын Ertis ФК 2020 жылғы ҚПЛ-да өнер көрсетуден бас тартқаны туралы өтінішін қабылдағаны туралы ресми мәлімдеме жасады. Осылайша, Ertis қатысуымен өткен чемпионат матчтары біріншілік күнтізбесінен алынып тасталады.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: Ertis ФК, Ертіс ФК, ҚПЛ, Премьер-Лига, футбол