Павлодар қаласының білім беру бөлімімен 80-нен астам түрлі кәсіби шеберлік байқаулар, пәндік олимпиадалар өткізілді.

- Сондай-ақ білім беру ұйымдарының педагогтарымен 400-ден астам семинарлар өтті, - дейді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова. – Мұндай шаралар қоғамда педагогикалық мамандықтың беделі мен мәртебесін арттыру, педагогтардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамыту, білім беруде инновацияларды ілгерілету мақсатында ұйымдастырылды.

Павлодар қаласы педагогтары 9 жыл бойы республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары болып табылады.

- «Үздік педагог – 2020» қалалық байқауында қаланың 26 білім беру ұйымдарынан 41 педагог қатысты, - дейді бөлім маманы. - Оның ішінде 9 жеңімпаз және жүлдегерлер облыстық кезеңге қатысты. Байқаудың гран-при иегері - № 21 ЖОМ тарих және география мұғалімі, республикалық педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушысы, ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған және тарататын география бойынша ашық және жабық түрдегі тест жинағының авторы Гүлмира Есмакаева атанды.

Оқу жылы ішінде бұл педагогтардың қатысуымен 100-ден астам қалалық, облыстық, республикалық семинарлар мен тренингтер өткізілді.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: