- Клуб өз тарихы жалғасады деп сенеміз, - дейді жанкүйерлердің бірі. – Өйткені, Ertis – аты аңызға айналған, шетелде абыройға ие болған команда. Командамыз еурокубоктарда өнер көрсетіп, Азия Чемпиондар Кубогінде төртінші орынға ие болған.

Аталған жиынмен бір уақытта Ertis ФК баспасөз орталығында облыстық туризм және спортты дамыту басқармасының басшысы Марат Айдашев, клуб директоры Әсет Төлеубаев пен жанкүйерлердің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Павлодарлық құқық қорғаушы Юрий Павленко өзін мазалаған сұрақтар қойып, оларға жауаптар алды.

- Бүгін команданың перспективалары туралы естідік, - дейді ол. – Ertis ФК болашағы қандай болатынын естігім келді. Жанкүйерлер команданы сақтап қалуға қаншалықты болатыны мазалайды.

Айта кетейік, баспасөз мәслихаты кезінде команданың қаражат бойынша қажеттілігінің көлемі анық болды. Айталық, Ertis ФК тек салық бойынша қарызы 1,8 млрд теңгеге жеткен. Осы себепті мемлекеттік кіріс органдары клуб есеп-шотына тыйым салды.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысы әкімдігінде жанкүйерлердің аймақ басшылығынан ERTIS футбол клубының айналасындағы жағдайды түсіндіруі туралы үндеуіне жауап берген болатын. Кездесу орны ретінде «Жұлдыз» стадионы таңдалды. Облыс әкімі туризм және спортты дамыту басқармасының басшысы Марат Айдашевке жанкүйерлермен кездесуді тапсырды, бірақ стадион карантин режиміне байланысты мұндай кездесу өткізетін орын ретінде келмеді. Сондықтан кездесу орны ретінде ERTIS футбол клубының баспасөз орталығы ұсынылды.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: Ertis ФК, Ертіс ФК, ҚПЛ, Премьер-Лига, футбол