Аталған құжаттың алғашқы нұсқасы әзір болған кезде қоғам өкілдері оны талқылауға қатыса алады.

- Жақында Павлодар облысындағы футбол дамуының жаңа концепциясын назарға ұсынамыз, - дейді Марат Айдашев. – Оның алғашқы нұсқасы дайын болғанда азаматтар оны талқылап, өз ұсыныстарын білдіре алады. Біз диалогқа әзірміз.

Сондай-ақ баспасөз мәслихаты кезінде Ertis футбол орталығында жұмыс істейтін жаттықтырушылардың жалақылары өсірілетіні белгілі болды.

- Жаттықтырушыларымыздың жалақыларын өсіреміз, - деді Марат Айдашев. – Тек жергілікті жаттықтырушылар істейтін болады. Бюджеттік өтінішіміз қолдауға ие болды. Ендігі уақытта бапкерлеріміздің дарынды жастарды тәрбиелеуге деген құлшынысы арта түседі.

Естеріңізге сала кетейік, Ertis ФК баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық туризм және спортты дамыту басқармасының басшысы Марат Айдашев салық бойынша жиналып қалған қарыз салдарынан команданың Премьер-лигадағы өнер көрсетуін жалғастыра алмайтынын мәлімдеді.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: Ertis ФК, Ертіс ФК, ҚПЛ, Премьер-Лига, футбол