Бұл туралы Қазақстандағы коронавирусқа қатысты ресми сайтта жарияланды.

- Шымкент қаласында - 1956 жылы туған ер адам, Павлодар облысында - 1935 жылы дүниеге келген әйел адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 1959 жылы туған ер адам көз жұмды, - делінген ресми сайтта.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша барлығы 44 адам КВИ-ден қайтыс болды. Павлодар облысында аталған індеттен 4 адам көз жұмған.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: