Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 50-ге жуық ерікті egov.kz электрондық үкімет веб-порталы, сондай-ақ, мобильдік қосымша құралдары арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша кеңес беретін болады.

- Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу - өзекті мәселенің бірі. Еріктілер Павлов к-сі, 48 мекенжайы бойынша орналасқан ХҚКО-да және Кривенко к-сі, 25 мекенжайындағы Цифрлық ХҚКО-да өз қызметтерін жүзеге асырады, - дейді департаментте.

Сонымен бірге Павлодар облысында 779  өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы мен аймақтың 8 ауданында ашық әкімдіктерден онлайн мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға болады. Осындай бұрыштарды ашу бойынша жұмыстар өз жалғасын табады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігі БҰҰ-ның даму бағдарламасымен бірге «Мемлекеттік аппараты кәсібилендіру, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу механизмдерін жетілдіру» жобасы аясында Қазақстанда еріктілерді цифрлық түрде мемлекеттік қызметтерді алуға үйрету бойынша практикалық жұмыстар жүргізуде.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам