Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Facebook-тегі парақшасында ұлы ойшыл және ақын Абай Құнанбаевтың шығармалары бойынша үздік эссе байқауын жариялады. Байқау жеңімпазына облыстың бас педагогы велосипед сыйлайтынын айтқан болатын.

- Біздің балалар тек ақылды және білімді ғана емес, мықты және дені сау болуы керек, - деді Дінислам Болатханұлы. - Эссе тақырыпты таңдау, оның ашылуы және сөз сөйлеу тілінің айқындығы мен дәлдігі бойынша бағаланды. Байқауға әртүрлі жастағы 100-ден астам бала қатысты.

«ERTIS» телеарнасының тікелей эфирінде Дінислам Болатханұлы жеңімпаздың атын атады. Ол облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Әлихан Байғазинов болды.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқушының жетістіктер қоржынында республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасында, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасындағы жеңіс, биология пәнінен облыстық және республикалық ғылыми жарыстардың дипломдары бар.

- Әлихан - жан-жақты дамыған оқушы, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша терең білімі бар. Әдепті, мейірімді, өзінің сыныптастары мен достарына әрдайым көмекке келеді, - деді басқармада.

Фото: облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: