Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Мейрам Нұғманның айтуынша, мониторинг барысында Естай, Академик Сәтбаев, С. Торайғыров, Академик Шөкин және Лермонтов көшелерінің бойында орналасқан халыққа қызмет көрсету нысандары - сұлулық салондары, дүкендер, білім беру орталықтары, стоматология және тағы басқа нысандар тексерілген.

 - Мониторинг барысында Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңның 21-бабы бойынша жалпы 61 заң бұзушылық анықталды. Заңға сәйкес кез келген көрнекі ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда басқа да тілдерде болуы тиіс. Кәсіпкерлер көрнекі ақпаратты қолдану бойынша тегін кеңестер және Қазақстан Республикасының тіл заңнамасын сақтау бойынша жалпы ұсынымдар алды, - дейді Мейрам Нұғман.

Төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейін «Артур» және «Тұлпар» сауда үйлерінде 650 бутик тексерілген.

Дегенмен көптеген жағдайда ақпарат бір тілде ұсынылады. Бұл олқылықтарды жою үшін кәсіпкерлерге үш күннен 15 күнге дейін беріледі.

Мониторингтік топ айына бір рет тексерумен шығады.

Заңнамаларға сәйкес, алдымен кәсіпкерлерді қатемен жұмыс істеу қажеттілігі туралы ескертеді, содан кейін 2 АЕК айыппұл салынады.

 

Фото: Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам