Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады деп BAQ.KZ тілшісі жазды.

Скандинавия аудандарынан келген антициклон республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінің ауа райына әсерін сақтайды, бұл температураның төмендеуіне әкеледі. Кей жерлерде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, найзағай ойнап, жаңбыр жауады және бұршақ түседі деп күтіледі.

Ал оңтүстік және оңтүстік-батыста Иран аудандарынан жылы ауа массаларымен ыстық және құрғақ ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: