Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мәліметінше, 2020 жылы төтенше жағдайдың жариялануына және карантиндік тәртіптің сақталуына байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні жыл сайын мерекелеудің іс-шаралар жоспарына сәйкес онлайн іс-шаралар өткізумен шектелді.

Биылғы жылдың мамыр айынан бастап әлеуметтік желілерде Павлодар қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау бойынша облыс тұрғындары арасында кең таралған #Менің Қазақстаным челленджін іске қосты.

Бұл челлендж жастар бастамаларын дамыту жөніндегі орталығында жалғасын тапты. Әртүрлі жастар ұйымдары мен мемлекеттік органдардың Әнұранды орындауы жастар бастамаларын дамыту орталығы https://www.instagram.com/crmi_pvl.аккаунтында орналастырылады.

Сондай-ақ, қалалар мен аудандар орталықтарында 4 маусымда «Терезедегі Ту» акциясын өткізу жоспарланған, оның шеңберінде тұрғындар патриоттық сезімдерін білдіру мақсатында мемлекеттік Ту бейнесін тұрғын үйлердің терезелеріне орналастырады. Облыс орталығында бұл акция 4000 адамды қамтиды). 

Осыған ұқсас «Менің Туым» патриоттық акциясы өткізіледі. Үйлердің тұрғындары балкондарда және терезелерде мемлекеттік рәміздерді қолдау және насихаттау мақсатында Мемлекеттік Туды іледі (Павлодар қ., Назарбаев даңғылы 93,95,97 үйлер, Екібастұз қ., Мәшһүр Жүсіп көшесінен бастап Мәметова көшесі 53/4, 54/3 үйлеріне дейін). 

Екібастұзда 4 маусымда орталық көшеде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған (Мәшһүр Жүсіп көшесі бойымен Мәметова көшесіне дейін) авто-, мотошеру ұйымдастырылады. Барлығы 40 көлік бірлігі қатысатын болады. 

Өскелең ұрпақ үшін облыстың қалалары мен аудандарының мұражайлары, кітапханалары, оқу орындары базасында викториналар, әңгімелер, зияткерлік ойындар, экскурсиялар мен көрмелер онлайн режимде ұйымдастырылады.

Облыс тұрғындары үшін мемлекеттік рәміздер күнін атап өту аясында дайындалған және әлеуметтік желілердің жергілікті аккаунттарында орналастырылған бейнероликтер қызықты болады. Мысалы, Ақсу қаласы әкімдігінің (Instagram-дағы aksu_news, aksu_media, Facebook-тегі, «Одноклассники»-дегі «Ақсу шаңырағы») және Ертіс ауданы әкімдігінің (Instagram-дағы ertis_aqparat) роликтері.

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: