Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

Бұл күн ел тарихында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран Қазақстан Республикасының негізгі рәміздері саналады. Көгілдір түсті Туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан Елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа Тәуелсіз мемлекет бейнесін паш етті.

1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді.
Егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы екі танымал сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі болып табылады.
Сондай-ақ 1992 жылы республикамыз Әнұранның әні мен мәтініне конкурс жарияланды. Қазақстанның тұңғыш Әнұраны әнінің авторлары – Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди.

2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды. Өткен ғасырдың елуінші жылдарының екінші жартысынан халық арасында кең танымал болған патриоттық ән "Менің Қазақстаным" жаңа Әнұран негізіне айналды. Оның авторлары – Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

pavlodarnews.kz

Тэги: