Бұл туралы  ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«2020 жылдың соңына қарай тұрғын саны 250 және одан асатын халқы бар ауылды елдімекенде 3G/4G ұялы байланыс желілерін салу жобасының шеңберінде 928 ауылдағы 600 мыңнан астам тұрғынды (барлық халықтың 3,3%) интернетке ҰКЖҚ-мен (ұтқыр кеңжолақты қолжетімділік) қамтамасыз ету жоспарлануда. Аталған тізім ҚР-ның әкімшілік-аумақтық объектілерінің жіктеуіші, облыс әкімдіктерінің халық саны бойынша деректері және байланыс операторларының Қазақстанның әрбір елді мекенінің байланыс қызметтерімен қамтылуы бойынша деректері негізінде қалыптастырылды», - деген жауап келді ҚазАқпараттың ресми сауалына жауап берген министрлік. Биыл интернет тартылатын 928 ауылдың тізімін мына сілтемеден көруге болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: