Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оның ішінде: 1662,8 км - республикалық, 975 км - облыстық және 2803,3 км -аудандық маңызы бар жолдар.

- Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жарақаттану мен өлім-жітімді азайту мақсатында жалпыға ортақ пайдаланылатын автокөлік жолдарын үнемі тексеріп отырамыз, - деді полиция департаментінде. – Зерттеу нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою туралы 510 нұсқама шығарылды. 87 лауазымды тұлға әртүрлі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға шамамен 2,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері 55 теміржол өткелін тексерді. Қажетті жол белгілерінің болмауы, дұрыс жарықтандырылмаған, еденнің қанағаттанарлықсыз жағдайы сияқты ақаулар анықталды. Осы орайда, 14 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 388 920 теңгені құрайды.

- Сонымен қатар, қоғамдық көліктер мен заңды тұлғалардың техникалық жағдайын тексеру бойынша жұмыстар жүргізілді, - деді департаментте. - Түрлі заң бұзушылықтар үшін 42 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде 31 адам ҚР ӘҚБК 617-бабы бойынша «техникалық ақаулары бар және басқа да пайдалану ережелерін бұзған көлік құралдарын пайдалануға беру» 5 адам ҚР ӘҚБК 619-бабы бойынша «көлік құралын басқару құқығынан айырылған немесе жүргізушіні басқаруға рұқсат» және 6 адам ҚР ӘҚБК 619-1-бабына сәйкес «мас күйінде жүргізушіні басқаруға рұқсат» бойынша жауапкершілікке тартылды.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: