Қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханованың айтуынша, оның ішінде 56 гран-при, 66 бірінші орын бар.

- Қашықтықтан оқыту кезеңінде 10 оқушы «Планета талантов» жобасы аясында халықаралық «Озорная весна» конкурс-фестивалінде аспаптық жанр-аккордеон номинациясын иеленді, - дейді Балжан Әділханова. – Сонымен қатар, аспаптық жанр-фортепиано номинациясында, І халықаралық «Мелодия души» шығармашылық байқауында «Эстрадный вокал» номинациясында, 3 оқушы - республикалық «Мұрагер» кәсіптік онлайн байқауының халық әні номинациясында, республикалық «Эрудит: өнер» олимпиадасының жеңімпазы атанды.

Биылғы жылы Павлодар қаласы музыкалық мектебін 90 түлек бітірді. 9 түлек алдағы уақытта музыкалық білім алуды жалғастырады.

Мектептің әдіскері Марина Бойко түлектеріміздің музыкалық білімді жалғастыратыны және өз өмірлерін музыкаға арнайтыны өте қуантатынын атап өтті.

Музыка мектебінде оқу жылын есеп беру концертімен қорытындылау дәстүрге айналған. Биылғы жылы есеп беру концерті жаңа форматта - қашықтықтан өткізілді.

- Концертке жас музыканттардың шығармашылық қойылымдары бар бейнефильм дайындалды, - дейді білім беру бөлімінің маманы. - Оның ішінде «Серпін» фольклорлық ансамблі Н.Тілендиевтің «Жекпе-жек» күйін орындады. Жоғары сыныптар хорының орындауында Л. Завальнюктің сөзіне жазылған Ю. Саульскийдің «Счастья тебе, Земля» әні өте керемет шырқалды. Осындай жарқын калейдоскопта барлық музыкалық нөмірлер жан-жақтылығымен және түрлілігімен ерекшеленді. Домбыраның терең, ерекше үні нәзік үнді саксофонға ұласты. Гитараның тамылжыған үні қобыз бен фортепиано үніне ұласса, балалардың нәзік дауыстары мықты және ынтымақты хор үнімен үйлесті.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: