Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, науқас гипертониялық және эндокриндік аурулармен диспансерлік есепте тұрған.

17 сәуірде жедел жәрдем бригадасы карантиндік стационарға КВИ расталған жағдайымен жақын байланыста болған адам ретінде жеткізген.

23 сәуір күні COVID 19 нәтижесі теріс болды, емхананың медицина қызметкерлерімен күнделікті мониторинг жүргізіп, үй карантиніне ауыстырылды. 29 сәуірде қайта талдау  алынып,  1 мамырдағы нәтиже  COVID 19 бар екенін растады. 

2020 жылдың 1 мамырында науқас  жұқпалы ауруханаға жатқызылған.  

Жүргізілген емнің аясында жағдай нашарлап, 8 мамырда реанимациялық бөлімшеге ауыстырылды. 9 мамырдан бастап өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Пациентке барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді, қажетті мамандарға кеңес берілді, сондай-ақ күн сайын шұғыл медицинаның ұлттық үйлестіру орталығының сарапшылар тобымен консилиум өткізілді. Емдеу бекітілген стандарттарға, ауруларды диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес жүргізілді.

- Жүргізіліп жатқан қарқынды терапияға қарамастан, 4 маусымда 05 сағат 50 минутта пациенттің биологиялық өлімі анықталды. Өлім-жітімді зерттеу жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес өлім жағдайы коронавирустық инфекция ретінде тіркелген. Қайтыс болған адамның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз, - дейді басқармада. 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: