Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.

- 4 маусым күні сағат 10:56-да Екібастұз қаласындағы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35 мекенжайында дүкен шатырында өрт шыққаны туралы қоңырау түсті, - деді баспасөз қызметінде. – Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде қаңылтырмен қапталған шатырдың 50 шаршы метр аумақтағы ағаш құрылғылары жанып жатқанын анықтады. Жұмыс істемейтін «Малибу» дүкені бес қабатты үйге жапсарлас салынған.

Департаменттің хабарлауынша, тілсіз жау сағат 11:13-те оқшауланып, 11:25-те толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге № 2 МӨСБ-ден 6 адам, № 6 ӨСБ-ден төрт адам және үш техника жұмылдырылды.

- Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда, - деді департаментте.

Фото: облыстық ТЖД

pavlodarnews.kz

Тэги: