Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, 2 маусымда Қаңбақты қыстағынан 17 және 18 жастағы жасөспірімдер ұялы телефонмен сөйлесу үшін мобильді байланыс ұстайтын жерді іздеп шыққан. Бірақ, сол күні қыстаққа қайта оралмаған.

«Қаңбақты қыстағы Махамбет ауданының орталығынан 65 шақырым қашықта орналасқан. Бастапқыда оларды туыстары іздестіріп, таба алмаған. Содан соң, 3 маусымда Төтенше жағдайлар департаментіне хабар берген. Жоғалған жасөспірімдерді іздеуге 4 қызметкер жіберілді», -деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Алайда, құтқарушылар қыстаққа келгенге дейін туыстары екі жасөспірімді өздері тауып алған.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: