Бұл туралы Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Руслан Тілеулесов мәлім етті.

- Жаз мезгілінде жастар құрылымының ең белсенді және маңызды процестері – «Жасыл ел» студенттік еңбек құрылыс отрядтары, - дейді Руслан Тілеулесов. - Биылғы жылы әкімнің тапсырмасы бойынша 2 мыңнан астам жасты демалыс уақытында жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз. Біз басқа өңірлер сияқты жауынгерлердің санын төмендетпейміз. Құрылыс, шығармашылық, волонтерлік сияқты әртүрлі бағыттағы отрядтарды құрамыз. Әрине, ең алдымен жаңа оқу жылына өзіне кеңсе заттары, киім-кешек алуы алу керек жастарға баса назар аударылатын болады. Сонымен қатар, жұмыссыздыққа бейім адамдарды жұмыспен қамтимыз.

«Жасыл ел» жасақтарына қосымша төлем үшін бюджеттен қаржы бөлінді. Орташа есеппен жас адам қосымша ақыны есепке ала отырып, жазғы кезеңде студенттік жасақта жұмыс істеген бір ай үшін 65-75 мың теңге алатын болады.

- 65-75 мың жалақының 50 пайызын мемлекет есебінен, ал 50 пайызын мердігер ұйым төлейді, - дейді басқарма басшысының орынбасары. - Биылғы жылы пандемия мен карантинге байланысты маусымның басталуы болған жоқ. Штаб жастарды онлайн режимінде жұмысқа қабылдады. Олар экологиялық, құрылыс жасақтары және эрографиялық отряд болып бөлінеді. Мысалы, «Құрылыс», «Сәулет» мамандығы бойынша оқитын студенттер құрылыс жасақтарында жұмыс істейтін болады. Мұндай жасақ 18 жасқа толған ер азаматтар арасынан іріктеледі.

Спикер «Жасыл ел» еңбек жасақтары жалақы алып қана қоймай, жаңа достар тауып, қарым-қатынас жасау арқылы дамитын белгілі бір социум екенін алға тартты.

Айта кетерлігі, соңғы екі жыл облыстық штаб ел бойынша үздік деп танылды.

Айгүл Жүсіпова 

Фото: қалалық әкімдіктен 

pavlodarnews.kz

Тэги: