Істің  материалына сүйенсек, 2020 жылы 1 маусым күні сағат 00.15 шамасында құқық бұзушы дүкеннің жанында әйел адамның ар-намысына тиетін сөздер айтып, ұсақ бұзақылық жасаған.

- Ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінетінін жеткізді. Дүкеннің жанында дүкен сатушысын сыра сатудан бас тартқаны үшін балағаттаған, - дейді облыстық соттың баспасөз қызметінде.

Сот қаулысымен ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Фото: ашық көздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: