Облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының айтуынша, меценаттар мен демеушілер 467 жолдама ұсынады. Өткен жылы мұндай жолдама саны 358 болған.

- Демеушілік қаражат есебінен отбасылық құндылықтарды, дәстүрлерді сақтау, әлеуметтік қорғалмаған және көп балалы отбасыларды қолдау мақсатында «Отбасылық демалыс» әлеуметтік жобасын іске асыру жалғасын табады. Жоба аясында өткен жылы қалалар мен аудандардан 16 отбасы демалса, биыл олардың саны 75-ке жетті. Оның ішінде Павлодар - 10, Екібастұз - 2, Ақсу - 2, аудандар бойынша Аққулы - 3, Ақтоғай - 3, Баянауыл - 10, Железин - 5, Ертіс - 4, Тереңкөл - 3, Май - 10, Павлодар - 5, Успен - 5, Шарбақты - 10, облыстық мектептер - 3.

Өткен жылы Баянауыл ауданында демалған болса, биыл өңіріміздің түрлі демалыс орындарына бару жоспарланып отыр.

Жазғы демалысты ұйымдастыруға 35 қосымша білім беру ұйымы белсенді қатысады. Барлығы 5587 оқушы жұмыспен қамтылады. Оның ішінде орманшылықтарда – 193, кәсіпорындар мен ШҚ – 3472, жоғары сынып оқушыларының еңбек отрядтарында-1922 оқушы.

Облыстың қосымша білім беру ұйымдары «Демалыс OFF-line» мектеп жанындағы лагері» облыстық дистанциялық жобасын іске асырады.

Айта кетерлігі, жазғы демалыс кезеңінде сауықтыру лагерлерінің (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) және қосымша білім беру ұйымдарының барлық қызметі Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен бекітілген алгоритмдерге сәйкес жүзеге асырылады.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам