Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД-нің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

- Ол кеше, 3-желтоқсан күні кешкі сағат 17:00 кезінде конькимен жұқа мұздың үстінде сырғанап жүрген. Кенеттен мұз опырылып кетіп, ер адам мұздың астына түсіп кеткен. Абырой болғанда, оқиға орнында болған кұтқарушылар тұрғынды жағаға алып шықты, - деді департаментте.

Мамандардың айтуынша, жергілікті телеарналарда жұқа мұздың үстімен жүру адам өміріне қауіпті екендігі туралы роликтер көрсетіліп, тұрғындар арасында алдын алу шаралары жүргізілуде. Десе де, соңғы кездері өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, осындай қадамға баратын жағдайлар жиілген.

Ақбота Сейсенбаева
Сурет ғаламтордан алынды

pavlodarnews.kz

Тэги: