Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы хабарлады.

Жарысқа алты команда, 30 қатысушы қатысты. Фестиваль үш кезеңде өтті: бірінші – «Бір түзумен жүр», екінші – «Сумо» күресі», үшінші – «Роботтарды жина».

Көрермендер мен қатысушылар роботтардың әрекеттерін бар ынталарымен бақылап, өз командаларына жанкүйер болды.

- Көпшілігіміздің түсінігімізде роботты техника – ғылым мен қиялдың түйісіндегі бағыты, мүмкін, сол себептен роботпен байланыстының бәрі балалардың қызығушылығын туғызады. Маңыздысы, робот  техникасымен жұмыс басқа мектеп пәндері дамытпайтын, оқушылардың механикалық қабілеттерін арттыруға қызмет ететіні, - дейді қазылар алқасының мүшесі, Ынталы мектебінің информатика мұғалімі А. Құсмиденов.

Фестиваль нәтижесінде «Бір түзумен жүр» номинациясында бірінші орынды Песчан №1 ЖОМ оқушысы Михаил Колосов, екінші орынды Александр Никифоров иеленсе, үшінші орынға Качир №1 ЖОМ оқушылары Алина Маковец, Александр Агапитов лайық деп танылды.

«Сумо» номинациясында Песчан №1 мектебінен Виктория Григорчук, Качир №1 мектебінен Иван Демидюк, Влад Елгин көш бастады. Ал, «Роботты жина» номинациясында Качир №3 ЖОМ оқушылары Шыңғыс Түгелбай, Иса Рамазан жеңіске жетті. Екінші орынға Береговой білім ордасынан Расул Қасан , Эльдар Жантеміров лайық деп танылды.

«Creative proekt» шығармашылық жобасында түрлі номинациялар бойынша Качир №3 ЖОМ, Песчан №2 ЖОМ, Береговой ЖОМ командалары көзге түсті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Роботты техника, Качир ауданы, қоғам