«Біз адам жанына араша түсеміз»: павлодарлық дәрігердің әңгімесі
тек шынайы ақпарат
қазрус
Правительство для бизнеса
Правительство для бизнеса
«Біз адам жанына араша түсеміз»: павлодарлық дәрігердің әңгімесі 19.06.2022

«Біз адам жанына араша түсеміз»: павлодарлық дәрігердің әңгімесі

Медицина қызметкері күні облыстық кардиологиялық орталықтың анестезиолог-реаниматолог дәрігері Владимир Крокус @Pavlodarnews.kz тілшісіне өз мамандығын қалай таңдағаны туралы айтып берді.

Кейіпкеріміз Семей қаласында дүниеге келген. 12 жылдан бері Павлодарда тұрады.
– Павлодар тыныш қала боғанымен маған ұнайды. Сонымен қатар, бұл жерде болашаққа мүмкіншіліктер көп – сіз кәсіби тұрғыдан тез өсе аласыз, – дейді Владимир Сергеевич.
Қазір ол ота жасайтын жансақтау бөлімінде және шұғыл жағдайларда кардиореанимацияда анестезиолог-реаниматолог болып жұмыс істейді. Владимир Крокус бұл кәсіпті таңдағанына бір себеп бар. Дәрігерлер әулетінен шыққан ол өскенде кім болатынын бала кезінен білетін. Анасы Крокус Елена Владимировна мен әжесі Крокус Зухра Құсайынқызы – дәрігерлер. Әкесі Сергей Ильич Крокус Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар тасымалының бас инженері болып жұмыс істеген.
– Әжем Семейде балалар дәрігері, анам фтизиатр болған. Анамның екі білімі бар - дәрігер және журналист. Алдымен ҚазМУ-ді журналистика мамандығы бойынша бітіріп, Семейде «Халық үні» газетінде қызмет етті. Осыдан кейін медицинаға түсуге бел буып, фтизиатрға қайтадан түсті, – дейді Владимир Крокус.
Студент кезінде өзі де хирургия, урология, онкологияға қызығушылық танытқанымен, соңында жансақтау бөліміне түсті.

Ауыр халдегі адамдар облыстық кардиоорталықтың жансақтау бөліміне жатқызылады. Владимир Кросус кардиохирургтармен бір командада жұмыс істей отырып, пациенттерді өлімнен құтқарады деуге болады. Оның тәжірибесінде ота жасаған адамдары одан әрі мүгедектікке ұшырамағаны және ағзаға ешқандай салдарлар болмағаны ол өзінің басты жетістігі деп есептейді.
– Әрине, тәжірибемде қызық жағдайлар болды. Олардың әрқайсысы өзінше есте қалды. Адам ауруларының емдеу әдістерін іздеу керек, өйткені бәрі әркім үшін әртүрлі болады. Қолқасы жарылған науқасты елордаға жеткізгенім есімде. Сол кезде Павлодарда мұндай оталар жасалмайтын және ол сәтті тасымалданды. Бұл мен үшін жаңа және ерекше жағдай болды, – деп еске алады Владимир Сергеевич. – Біз науқастың өмірі үшін үнемі күресеміз. Біздің жансақтау бөлімшесі тәулік бойы жұмыс істейді. Облыста жүрек патологиясы барлардың барлығын бізге әкеліп жатыр. Бұл мамандықтың күрделілігі – қиын жағдайда, көбінесе клиникалық өлім жағдайындағы адамдарға көмектесу қажет. Реаниматологтың жұмысы тез шешім қабылдауды талап етеді, мұнда жақсы аналитикалық ойлау қажет. Адамның өмірі соған байланысты.
Владимир Крокус уақытының көп бөлігін жұмыста өткізеді. Ол күні-түні жұмыс істейді, айына кемінде 11 ауысым, оған қоса күндізгі ауысымдар бар – айына барлығы үш жүз сағат шығады.

Кейіпкеріміздің екі ұлы бар. Үлкені Максим 10 жаста, кішісі Владимир 2 жаста. Максим қазірдің өзінде әкесінің үлгісі бойынша дәрігер болуды армандайды.

Владимир Крокустың өмірінде «Сен дәрігерсің» деген интернет-мем де кейде пайда болды. Барлық туған-туыстары мен достары оның мамандығына жатпаса да дерттері туралы үнемі кеңесіп отырады. Бірақ сұрақ оның профилінде болмаса да, ол бәрібір түсіндіреді немесе бір көмек әдісін ұсынады. Студенттік жылдардағы адам денсаулығы жайлы жалпы ақпаратты білуі оған әлі күнге дейін көмектеседі.

Владимир Крокус дәрігер мамандығына үлкен құрметпен қарайды, тіпті қиын күнделікті ауысымға қарамастан таңдағанына өкінбейді.
– Жастар бұл мамандықты міндетті түрде таңдауы керек. Медицинада ешқашан артық адамдар болмайды. Егер сіз дәрігер болуды таңдасаңыз онда бұл таңдау саналы түрде жасалуы керек. Менің ойымша, әр мамандықтың өз қиындығы бар. Бірақ әрине, адамдармен жұмыс істеу, одан да ауыр жағдайда жұмыс істеу ең қиыны. Дәрігер – саналы мамандық, онда үнемі біліктілігін арттыру қажет, – дейді Владимир Крокус.
Облыстық кардиоорталықтың жансақтау бөлімінде ағзаның барлық өмірлік қызметін бақылауға мүмкіндік беретін заманауи қондырғылар орнатылған. Бұл сенсорлар, желдеткіштер, ми қызметін бақылау, қысым өлшейтін жабдықтар. Осының барлығы олармен жұмыс істейтін дәрігерлердің жоғары кәсібилігімен қоса күн сайын мыңдаған павлодарлықтардың өмірін сақтап қалуға септігін тигізеді.

Оңғар Бауыржанұлы
Сурет Владимир Крокустың жеке мұрағатынан алынған

Количество показов: 6293

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Жаңалықтар тізбегі

Павлодар - Семей тас жолында көлік аударылып, бір адам қаза тапты
20:34 02.10.2022  2

Павлодар облысында жануарларда құтыру жағдайлары анықталды
19:45 02.10.2022  15

Бүгін Бразилияда президент сайлауы өтеді
18:07 02.10.2022  35

Павлодар облысында көкпар өтеді
17:20 02.10.2022  34

Баланың жандүниесін түсіне білу керек: Павлодарлық ұстаз мамандығының ерекшелігі жайлы айтты
15:23 02.10.2022  100

Павлодарда көшелерден екі мың тоннадан астам қоқыс шығарылды
14:10 02.10.2022  40

"Ақсудың" жеңісті сериясы үзіліп қалды
13:25 02.10.2022  45

Павлодар облысының әкімі педагогтарды Ұстаздар күнімен құттықтады
12:49 02.10.2022  53

Павлодарда сотталғандар ұстаздарға торт дайындады
12:20 02.10.2022  52

Еурокомиссия ресейліктерге виза беруді қатаңдатуға шақырды
11:09 02.10.2022  65

Павлодар облысында бір адамнан коронавирус анықталды
10:12 02.10.2022  48

Бір облысты шетелге беру туралы жалған ақпарат авторына қылмыстық іс қозғалды – Бас Прокуратура
09:21 02.10.2022  66

2 қазанда Павлодарда жауын-шашын күтілмейді
08:18 02.10.2022  76

Соңғы екі күнде Ресейден келген мигранттар саны едәуір төмендей бастады - Үкімет
21:23 01.10.2022  86

Павлодарда көпқабатты үйде жаңа лифт орнатылды
20:26 01.10.2022  100

Павлодарда білім саласының үздік басшылары Түркия мен Бурабайға жолдама алды
19:13 01.10.2022  108

Павлодарда мемлекеттік қызметшілер арасында желаяқтар анықталды
18:14 01.10.2022  105

Павлодарда тыл еңбеккері 110 жасқа толды
17:41 01.10.2022  112

Павлодарда сотталғандар зейнеткерлерге үш жүз бөлке нан пісірді
17:08 01.10.2022  126

Оппозиция кезектен тыс президент сайлауына өз кандидатын ұсынды
16:17 01.10.2022  98

Павлодар қаласының әкімі жарты ғасыр толған үйдің тұрғындарын мерейтоймен құттықтады
15:16 01.10.2022  106

Түнде үйлеріне қалай жетеді? Павлодарлық ата-ана университеттің жұмыс кестесіне шағымданды
14:10 01.10.2022  144

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстандықтар көкпар мен жамбы атудан сайысқа түседі
13:17 01.10.2022  126

Успен ауданында полицейлер Ресейде тұратын ерлі-зайыптыға қызына келуге көмектесті
12:03 01.10.2022  135

Президентке қастандық жасамақ болған адвокат 17 жылға сотталды
11:13 01.10.2022  134

Павлодарда ширек ғасырға жуық еңбек еткен ұстаздарға сый-сияпаттар табыс етілді
10:15 01.10.2022  131

Әбілқайыр Сқақов: Аға буын ардагерлер - рухани күш-жігер мен қайсар мінездің үлгісі
09:45 01.10.2022  165

Қазақстанда желтоқсан айындағы демалыс күндердің саны азайды
08:43 01.10.2022  134

1 қазанда Павлодар облысында күн ашық болады
08:04 01.10.2022  121

Ертең Павлодарда кімдер трамваймен тегін жүреді? (ВИДЕО)
22:24 30.09.2022  183

Павлодар облысының үздік 13 педагогы үш миллион теңгеге ие болды
21:41 30.09.2022  166

Павлодарлық жемқорлыққа қарсы күресшілер тәуекел картасын әзірледі
21:06 30.09.2022  154

Әбілқайыр Сқақов: 8-сыныпта достарыммен бірге сабақтан қашамыз деп жазаланғанбыз (ВИДЕО)
20:39 30.09.2022  209

Әбілқайыр Сқақов «Лондон-2012» Олимпиадасының медаліне ие болған павлодарлық палуанды құттықтады
20:04 30.09.2022  176

Павлодар облысының жас партиялықтары жаңа Тұғырнама жобасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасады
19:46 30.09.2022  172

Жидебайда өткен республикалық жыр мүшәйрасында павлодарлық ақын жүлделі болды
19:08 30.09.2022  172

Төреғали Төрәлі тергеу изоляторына қамалды
18:35 30.09.2022  184

Екібастұзда «КамАЗ» бен автокөлік соқтығысып, алты жасар қыз зардап шекті
18:03 30.09.2022  178

Павлодарда көпқабатты үйлерге неліктен жылу жетпей қалды?
17:36 30.09.2022  203

Павлодарда жанып жатқан үйден әйелді алып шыққан Иса есімді жігіт іздестірілуде
17:05 30.09.2022  216

Екібастұзда ішіп алып, баласына жала жапқан әйелге айыппұл салынды (ВИДЕО)
16:39 30.09.2022  175

Калифорния мектебінде атыс болып, алты адам жарақаттанды
16:06 30.09.2022  224

Павлодар облысында елу шақты ұстаз марапатталды
15:32 30.09.2022  204

Павлодарда үш көлік соқтығысты (ВИДЕО)
15:08 30.09.2022  104

Мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз – Президент
14:27 30.09.2022  186

«Астана-Павлодар» бағытындағы электр пойызы алты бас жылқыны қағып кетті
13:20 30.09.2022  210

Павлодар облыстық ауруханасында жаңа технологиялар енгізілуде
13:06 30.09.2022  186

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
12:32 30.09.2022  204

Павлодар облысында 3 қазаннан бастап тұмауға қарсы жаппай вакцина салу басталады
12:05 30.09.2022  192

АҚШ-та синтетикалық ескірткіден көз жұмғандар саны өскен
11:41 30.09.2022  220

Павлодарлық тұрғын жалған дипломмен мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналасқан
11:07 30.09.2022  211

Павлодарда аялдаманың бірінде тарихи тұлғалардың суреттерін шатастырып алған
10:45 30.09.2022  204

Павлодарда жасалған жаңа грейфтік кранға Ресей тау-кен өндіруші компаниясы тапсырыс берді
10:09 30.09.2022  226

Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ басшысына көші-қонға қатысты бақылауды күшейтуді тапсырды
09:40 30.09.2022  230

Павлодарда «КамАЗ» мас жаяу жүргіншіні қағып кетті
09:15 30.09.2022  203

Әнші Төреғали Төрәліге қатысты қылмыстық іс қоғалды
08:45 30.09.2022  194

Жұма күні Павлодар облысында тұман күтіледі
08:02 30.09.2022  200

Әбілқайыр Сқақов: Жастар ауылдан кетпеуі үшін жағдай жасау қажет
23:36 29.09.2022  223

Павлодарда "Асфальтобетон-ПВ" ЖШС-де өрт шықты
23:15 29.09.2022  212

Павлодарда ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде алты ауданның өнімі ұсынылады
22:19 29.09.2022  230