Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін 21 павлодарлық Кеңес Одағы батыры атағын алған
тек шынайы ақпарат
қазрус
Правительство для бизнеса
Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін 21 павлодарлық Кеңес Одағы батыры атағын алған 20.10.2022

Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін 21 павлодарлық Кеңес Одағы батыры атағын алған

Сарыарқаның жүрегі болып табылатын Ертістің Павлодар өңірі таңғажайып тарихы бар, көне өркениеттің бір бөлігі екендігі тарихтан белгілі. Сонау түркі халқының алтын бесігі болған Түркі қағанатының (551-603), Батыс Түрік қағанатының (603-704) құрамына кіріп, Ұлы Даланың даңқын дүркіретіп, әлемге әйгілі еткен көшпенділердің ізі қалған қасиетті жер. 

Елдік қасиетін бойына жинаған алқалы билер Едіге мен Шоңның, шешен-ділмарлар Бұхар мен Көтештің, ел іргесі сөгілер тұста ерлігімен ел қорғаған батырлар Малайсары мен Жасыбайдың кіндік қаны тамған, дарынға да, данаға да бай,  киелі өлке. Қазақ елі қашан да Отан үшін отқа түсетін ерлердің қайратын, ерлігін, батырлығын ерекше дәріптейтін. Міне, сондай халықтың есінде мәңгі сақталған асыл азаматтарымыздың бірі Кеңес Одағының екі мәрте батыр атағын алған тұңғыш қазақ, Талғат Бигельдинов пен Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова. Бұл есімдер әрбір қазақстандыққа ертеден таныс. 

Елін жаудан қорғау жолында ерекше қайсарлық пен ерлік көрсеткен тұлғалардың есімі мәңгі сақталған. Олардың өмірі мен майдандағы батырлығы келер ұрпаққа үлгі болып келеді. Ұлы Отан соғысында қан майдандағы ерлігі үшін 21 павлодарлық Кеңес Одағы батыры атағын алғаны белгілі. Солардың ішінде туған ел үшін күрескен батырларымыз Қайырбаев Махмет, Қамзин Қанаш, Семенченко Кузьма Александрович, Мүткенов Серікбай, Сұрағанов Құдайберген Мағзұмұлы сияқты тұлғалар бар. 

Қазақ елі қашан да татулықты, бірлікті, Отанға деген сүйіспеншілікті ерекше дәріптей білген ел екенін білеміз. Өздеріңізге белгілі, «Қазақстан жолы – 2050 жобасында: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз – түркілердің Мәңгілік ел идеясын Қазақ елінің ұлттық идеясы деп жариялаған болатын. Бұл идеяны  жүзеге асырудың түпқазығы - отандастарымыздың бойындағы адамгершілік, туған елге сүйіспеншілікті одан әрі жетілдіру екендігі белгілі. Қай заманда да әр адамның санасындағы аса мазмұнды және құрметті мәртебеге ие ұстаным – ол отансүйгіштік (патриоттық) сезім (іс-әрекет) болып келгені ақиқат. Еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап Қазақ елі осы мәселені тұрақты көтеріп келеді. Ал патриот болу деген - ел азаматының адамгершілік және саяси қағидаты, туған жерге, елге сүйіспеншілігі. Туған елінің құндылықтарын, әсіресе, тілі мен мәдениетін әрдайым құрметпен жоғары ұстап, ол құндылықтарды дәріптеу - нағыз отансүйгіштіктің белгісі. 

Патриоттық сезімді жоғары қоятын адам ой-өрісі мен іс-әрекеті бойынша өзін ұзаққа сілтейтін тарландай көрінетін болар деп есептеймін. Сол арқылы ол қолдайтындарды батыл шешімге, әділеттің ақ жібін аттамауға, шығармашылық оймен батыл іс-әрекетке, айбынды ерлікке жетелейді. Бала кезден қазақтың жыр-дастандарымен сусындап, далалық салт-дәстүрдің сарқытын қанып ішкен азаматтың өзіне тән даралық, танымдық, ұлтсүйгіштік тұлғалық қасиеті әрқашан да мол болып келеді. Өзінің ұлты үшін мақтаныш сезімі қашан да жүрегінде тұрады.

Өздеріңізге белгілі, Қазақстандық патриоттық ұстанымның негізі, өзегі - оның  мазмұнында. Егер патриоттық тәлім-тәрбие арнасында солардың бірінің негіздері болмаса, ол жәй сөз болып қалуы мүмкін. Қандай да болмасын мемлекеттің білім беру жүйесі сол қоғамда ұстанған саясатымен, әлеуметтік өлшемдермен анықталады. Мысалы, Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасында осы мәселелер анық көрсетілген. Бүгінгі Жаңа Қазақстан орнату жолындағы патриотизм, ұлтаралық татулық жаңа мағынаға ие болып отыр. Ол көбіне құндылықтардың мағынасының тереңдігіне де байланысты. Себебі, Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір азамат туған өлкесін сүйіп, соның азаматы болу, оны қорғау, әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосуы тиіс. Осы мәселеге байланысты қазақстандық патриотизм, ұлтаралық татулықтың көш бастаушысы болуы тиіс.
 
Қазақстандық жастарды ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу – білім берудің барлық саласының міндеті. Қазіргі саяси-әлеуметтік жағдайда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған халық қана тұтастығын сақтап қалады. Ата-баба салтының Жер-Анаға деген ыстық сезімі бірінші кезекте тұрады. Міне, осы жалпы адами құндылықтар жалпы тәрбие жүйесінің ізгілікті де игі бастауларын құрайды. Айналаңдағы ұлттар мен ұлыстардың ешқайсысын алаламай, бәрінің де толыққанды дамуына нақты жағдайлар туғызып, көпэтносты елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету отансүйгіштік сезімнің терең бойлауына мұрындық бола алады. Сонда ғана адамның жүрегінде өз Отанына деген перзенттік мақтаныш сезімнің өркен жайып тамырлануына негіз нығаяды. 

Халықтың патриоттық сезімін қалыптастыру үшін бүкіл адамзат эволюциясында сыннан өтіп, пісіп-жетілген белгілі алғышарттар атқаратын міндет те маңызды. Жаңа қазақстандық патриотизмнің мазмұнын қазіргі қоғам мен заманауи озық мәдениет құндылықтарымен қатар, ұлттық мәдениеттің дәстүрлі нышандары, оның айрықша руханилық, азаттық пен өнегелілікке ұдайы ұмтылушылық құндылықтары да құрайды. Тарихымыздың табиғи дәстүрлерін сақтай отырып, казіргі заманғы өркениеттің мейлінше озық бағыттарын игерген жөн. Бұған халқымыздың жоғалмаған, қайта, жаңа әлеуметтік өмір жағдайында жетіліп толысқан отансүйгіштік сезімі сенімді кепіл болады. Патриотизмді қалыптастыру – бұл қоғамның әлеуметтік тапсырысынан нәр алатын мемлекеттік міндет. 

Патриотизм өмірдің, жағдайдың, оқиғаның барлық жекелеген қырлары, халық пен елдің тұтастығы, бірегейлігімен тікелей байланыстыра қарастырылатын қоғамдық қатынастардың мәні мен құндылықтарының негізі аян. Туған еліне деген сезімді тәрбиелеу азаматтың, елдің мәдениетінің бірегейлігі, әлеуметтің, халықтың мінез-құлқының толымды көрінісі мен қоғамдық өмірді ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарын пайымдау арқылы жүйелі іске асады. 

Еліне, отанына деген ыстық ықылас міндетті түрде әрбір азаматтың жоғары әлеуметтік белсенділігін танытады, өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, ел-жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік серпін болып табылады. Осындай игілікті, сүбелі істерде әрқашан жастарымыз патриоттық сезімнің биігінен көріне берсін дейміз. Өздеріңізге белгілі, алдымызда үлкен, саяси науқан келе жатыр. Соған бәріміз бір кісідей қатысып, бірлігімізді ынтымағымызды көрсете берейік. 


«Торайғыров университеті»
КЕАҚ Басқармасының Төрағасы-ректор Еркін Садықов


Количество показов: 2383

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Жаңалықтар тізбегі

Жалған ақпарат: Екібастұз ЖЭО-да қазандық жарылды
22:46 01.12.2022  

Екібастұзда қосымша «сенім телефоны» іске қосылды
22:07 01.12.2022  4

Екібастұзда үйлердің кіреберістеріне жылыту құралдары қойылуда
21:37 01.12.2022  29

Павлодарда республикалық зерттеу жобалар байқауының аймақтық кезеңі аяқталды
21:16 01.12.2022  30

Екібастұздағы пәтерлердің радиаторларындағы зақымдануды жоюмен «ұшатын бригада» айналысады
20:58 01.12.2022  38

Екібастұздағы құбырлардың жарылуының алдын ала себебі айтылды
20:16 01.12.2022  68

Павлодар облысында «Ақбөкен» табиғатты қорғау акциясы басталды
19:45 01.12.2022  37

Әбілқайыр Сқақов павлодарлықтарға өз алғысын айтты
19:08 01.12.2022  40

Бразилияда көшкін жүріп, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
18:41 01.12.2022  37

Екібастұзда жылытқыштарды қосқаннан электр сымдары балқып тұтану фактілері жиіледі
18:12 01.12.2022  43

Балалар балабақшада тоңып отыр. Ақсу білім беру бөлімі түсінік берді
17:37 01.12.2022  44

Ауғанстандық әйелдерге саябақта қыдыруға тыйым салынды
17:08 01.12.2022  44

«Жылу деңгейі төмен»: Павлодардағы жер үй тұрғындары наразылықтарын білдірді
16:33 01.12.2022  46

Павлодарда автокөлік салондарынан ұрлау фактісі көбейді
16:06 01.12.2022  52

Банкроттық рәсімдеген жеке тұлғаға қандай шектеулер қойылады
15:38 01.12.2022  53

Екібастұз қаласында ұрлық және тонау фактілері тіркелген жоқ
15:01 01.12.2022  53

Екібастұзда жарықсыз қалған үйлерге күннің соңына дейін электр қосылады
14:06 01.12.2022  57

Қазақстандағы ұялы байланыс нарығына жаңа оператор қосылуы мүмкін
13:33 01.12.2022  61

Павлодар облысына Ресейден салық аз төлеу үшін «арзан бағадағы» астық жиі кіреді
12:42 01.12.2022  74

Екібастұзда тұрғындардың өздігінен әрекет етуі станцияға үлкен шығын келтіруде
12:02 01.12.2022  102

Павлодар облысында Абай Құнанбайұлының алғаш жарық көрген кітабы табылды
11:37 01.12.2022  70

Олег Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды
11:08 01.12.2022  99

Павлодарлық студент әлем чемпионы атанды
11:03 01.12.2022  66

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қызметінен босатылды
10:54 01.12.2022  98

+3°С. Павлодар облысында желтоқсан айында ауа райы жылы болады
10:34 01.12.2022  92

Павлодар облысында мас жүргізушілердің саны азаймай тұр
10:08 01.12.2022  67

Салтанат Байқошқарова: «Диззи» ішкен келіннен дені сау бала туа ма?
09:41 01.12.2022  79

Екібастұзда сегіз көп қабатты үйдің тұрғындары жылыту пунктіне көшірілді
09:08 01.12.2022  94

Бүгіннен бастап жазғы дөңгелекпен жүргендер айыппұл арқалайды
08:35 01.12.2022  67

1 желтоқсанда Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді
08:06 01.12.2022  70

Кінәлі адамдар жауапқа тартылады – Әлихан Смайылов Екібастұздағы ТЖ туралы
23:33 30.11.2022  130

Павлодарда әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралады
23:07 30.11.2022  100

Екібастұздықтарға ТЖ кезіндегі нысындардың жұмысы туралы айтылды
22:09 30.11.2022  87

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Екібастұзға келді
21:30 30.11.2022  103

«Секундына жиырма қоңырау». «Жастар рухы» екібастұздықтарға көмектесуде
21:06 30.11.2022  113

Екібастұзда негізгі ақау шыққан құбырларға су толтырылуда
20:39 30.11.2022  124

Ақсу қаласында заңсыз кәсіппен айналысып жүрген шетелдік ұсталды
19:41 30.11.2022  103

Екібастұздағы апатты жою жұмысына 250-ден астам маман жұмылдырылды
19:17 30.11.2022  105

Павлодарда № 41 қосымша автобус енгізілді
18:36 30.11.2022  118

Екібастұзда тұрғындардың үйлеріне дейін жылытқыштар жеткізілуде
18:13 30.11.2022  113

Екібастұзда электр энергиясын заңсыз сату фактісі анықталды
17:21 30.11.2022  147

Екібастұздағы апатқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бірнеше департамент жүргізеді
17:09 30.11.2022  149

Екібастұзда өткен түнде қанша үйге жылу берілді
15:36 30.11.2022  115

Екібастұзда электр энергиясы үшін төлемді қайта есептеу механизмі қарастырылады
15:12 30.11.2022  114

Төтенше жағдайдан зардап шеккен екібастұздықтардың шығындары өтелетін болады
14:32 30.11.2022  119

Екібастұзда кешке дейін 17 көпқабатты тұрғын үйге жылу беріледі
13:26 30.11.2022  137

Депутат магистраль желілерін жаңғыртуға бөлінген қаражатты тексеруді сұрады
13:08 30.11.2022  147

Екібастұздағы жылыту орындары бір уақытта төрт мың адам қабылдай алады
12:10 30.11.2022  132

Павлодар колониясының қызметкері сыбайлас жемқорлық үшін бас бостандығынан айырылды
11:40 30.11.2022  145

Павлодарда құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің жертөлесінде қоқыс өртенді
11:09 30.11.2022  162

Екібастұзда үй өртенді (ВИДЕО)
10:41 30.11.2022  167

Екібастұзда негізгі магистраль қалпына келтірілуде
10:18 30.11.2022  150

Усолкадағы экосаябақта жыл бойы істейтін ана мен бала бөлмесі және әжетхана болады
09:42 30.11.2022  166

Қатар-2022: Иранды жеңген АҚШ плей-офқа жолдама алды
09:11 30.11.2022  149

Аяз: Павлодарда оқушылар онлайн форматта оқиды
08:25 30.11.2022  153

Сәрсенбі күні Павлодар облысында -25 градус аяз болады
08:02 30.11.2022  152

ҚР Премьер-Министрдің орынбасары: «Кінәлілер қатаң жазаланады»
02:04 30.11.2022  168

Жұманғарин Екібастұз тұрғындарына: Барлық шығын өтеледі
01:47 30.11.2022  189

Екібастұздағы апатпен күресіп жүрген бригадалар санын арттыру керек
01:21 30.11.2022  199

Екібастұзға Премьер-Министрдің орынбасары мен төтенше жағдайлар министрі келді
23:55 29.11.2022  203