Павлодарлық зейнеткер ұстаз: Абай атындағы мектепте бір күн үзбей, 30 жыл еңбек еттім
тек шынайы ақпарат
қазрус
Правительство для бизнеса
Павлодарлық зейнеткер ұстаз: Абай атындағы мектепте бір күн үзбей, 30 жыл еңбек еттім 07.10.2022

Павлодарлық зейнеткер ұстаз: Абай атындағы мектепте бір күн үзбей, 30 жыл еңбек еттім

Шәрбат Жұмаділова Павлодарда мемлекеттік тілде оқытатын сыныптардағы балалар санының көбеюіне атсалысқан жандардың бірі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

40 жыл ұстаз болған Шәрбат Жұмаділова өзі де қазақ тарихында аты қалған тұлғалардан тәлім алғанын атап өтті.

- Семейде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығын оқыдым. Маған белгілі ғалымдар - абайтанушы Қайым Мұхамедханов пен Мәшһүр Жүсіптің ұрпағы ғылым докторы Қуандық Жүсіпов сабақ берді. Еңбек жолын бастағанда алғашқы 10 жыл ауылда мұғалім болып, кейінгі 30 жыл Павлодардағы қазіргі Абай атындағы гимназияда істедім. Абай атындағы мектепте өткізген 30 жылымда бір күн үзбеппін. Қазір мектеппен тұрақты байланыстамыз. Тәжірибеммен бөлісіп тұрамын, - деді Шәрбат Жұмаділова.

Ұстаздың шәкірттері облыстық, республикалық олимпиадалардың жүлдегері атанып, жоғары жетістіктерге жеткен. Бірақ ардагер ұстаз бұрындары мұғалімнің жетістігі басқаша бағаланғанын айтты.

- Біздің кезімізде оқушылардың қызыл аттестат пен «Алтын белгіге» бітіруі жетістік болды. Қызыл аттестат алу үшін түлектер шығарма жазатын. Оны облыстық комиссия бағалайды. Ал, «Алтын белгі» алатын оқушының шығармасын министрлік бағалайды. Осыған көп күш жұмсадым. Жыл сайын біздің мектепте екі-үш оқушы «Алтын белгіге» бітіріп отырды. Ол шығармаларды дұрыс жазды ма деп уайымдайсың. Бір жылы 18 бала қызыл аттестатқа, екі бала «Алтын белгіге» бітірді. Қазір бір күнде 18 балаға шығарма жазғызып көріңіз, өте қиын шаруа, - дейді ұстаз.
WhatsApp Image 2022-10-07 at 11.58.01.jpeg
Тәуелсіздік алғаннан кейін Павлодарда қазақ сыныптарына балалардың көптеп баруына үлес қосқан жандардың бірі де - осы Шәрбат Жұмаділова. Балаларды қазақ сыныптарына тарту үшін ел арасында үгіт-насихат жүргізу жұмысымен айналысқан.

- Бір кездері біздің Абай мектебі аралас мектеп болған. 1992 жылы таза қазақ мектебі болды. Сонда 1-сыныптан 16 сыныпқа бала қабылдадық. Ол кезде оқу ісінің меңгерушісі болдым. Ата-аналармен жұмыс жасадық. Содан кейін қаламызда қазақ сыныптары көбейе бастады. Мұнда ұстаздар тынбай көп жұмыс істеді. Кейін оқушылар саны артып, сыймайтын болды. Содан біздің мектептен №19 мектеп бөлініп шықты. Абай мектебіне жақсы оқитындар іріктеліп алынды, - деді Шәрбат Жұмаділова.

Ардагер ұстаз облысымызда алғаш Абай оқуларын өткізуде де үлкен еңбек сіңірген. 2000 жылдар шамасында газеттер арқылы үндеу жариялап, байқауға қатысатын балаларды жинаған.

- Жалпы, қазақ тілінің мұғалімдеріне сол кездегі ұлттық шаралардың бәрі салмақ боп түсіп отырды. Үкімет тарапынан қандай да бір ұлттық шара өткізіңдер десе, бәрін жасайтын қазақ тілінің мұғалімдері еді. Мысалы, Наурыз мейрамында үнемі біздің мектептің киіз үйі тігілетін. Онда да қазақ тілінің мұғалімдері ұйымдастырады, - деді Шәрбат Жұмаділова.
WhatsApp Image 2022-10-07 at 12.01.13.jpeg
Шәкірттеріне үлгі бола білген ұстаз алдынан небір жақсы балалар өткенін айтты. Өзінің ізін жалғап, бүгінде 20-ға жуық шәкірті қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп жүргенімен мақтанатынын атап өтті.

- Әлі күнге дейін хабарласып, араласып тұратын шәкірттерім бар. Әсіресе, 2000 жылғы түлектерімді мақтан тұтамын. Телефондағы желіде «Ш.Төлеуқызының балалары» деген топ бар. Сол жерде де сөйлесіп тұрамыз. Олардың тәрбиесі сондай, артық дүние жазбайды. Өзім қуанамын, - деді тәжірибелі ұстаз.

Шәрбат Жұмаділова өз мамандығына риза екенін атап өтті. Сондай-ақ ұстаздық – қасиетті мамандық және бұл мамандыққа кім көрінген емес, білімді адамдар келгені жөн деп санайды.

Еске салайық, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Шәрбат Жұмаділованы Алғыс хатпен марапаттаған болатын.

Количество показов: 3079

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Жаңалықтар тізбегі

Жалған ақпарат: Екібастұз ЖЭО-да қазандық жарылды
22:46 01.12.2022  

Екібастұзда қосымша «сенім телефоны» іске қосылды
22:07 01.12.2022  4

Екібастұзда үйлердің кіреберістеріне жылыту құралдары қойылуда
21:37 01.12.2022  29

Павлодарда республикалық зерттеу жобалар байқауының аймақтық кезеңі аяқталды
21:16 01.12.2022  30

Екібастұздағы пәтерлердің радиаторларындағы зақымдануды жоюмен «ұшатын бригада» айналысады
20:58 01.12.2022  38

Екібастұздағы құбырлардың жарылуының алдын ала себебі айтылды
20:16 01.12.2022  68

Павлодар облысында «Ақбөкен» табиғатты қорғау акциясы басталды
19:45 01.12.2022  37

Әбілқайыр Сқақов павлодарлықтарға өз алғысын айтты
19:08 01.12.2022  40

Бразилияда көшкін жүріп, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
18:41 01.12.2022  37

Екібастұзда жылытқыштарды қосқаннан электр сымдары балқып тұтану фактілері жиіледі
18:12 01.12.2022  43

Балалар балабақшада тоңып отыр. Ақсу білім беру бөлімі түсінік берді
17:37 01.12.2022  44

Ауғанстандық әйелдерге саябақта қыдыруға тыйым салынды
17:08 01.12.2022  44

«Жылу деңгейі төмен»: Павлодардағы жер үй тұрғындары наразылықтарын білдірді
16:33 01.12.2022  46

Павлодарда автокөлік салондарынан ұрлау фактісі көбейді
16:06 01.12.2022  52

Банкроттық рәсімдеген жеке тұлғаға қандай шектеулер қойылады
15:38 01.12.2022  53

Екібастұз қаласында ұрлық және тонау фактілері тіркелген жоқ
15:01 01.12.2022  53

Екібастұзда жарықсыз қалған үйлерге күннің соңына дейін электр қосылады
14:06 01.12.2022  57

Қазақстандағы ұялы байланыс нарығына жаңа оператор қосылуы мүмкін
13:33 01.12.2022  61

Павлодар облысына Ресейден салық аз төлеу үшін «арзан бағадағы» астық жиі кіреді
12:42 01.12.2022  74

Екібастұзда тұрғындардың өздігінен әрекет етуі станцияға үлкен шығын келтіруде
12:02 01.12.2022  102

Павлодар облысында Абай Құнанбайұлының алғаш жарық көрген кітабы табылды
11:37 01.12.2022  70

Олег Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды
11:08 01.12.2022  99

Павлодарлық студент әлем чемпионы атанды
11:03 01.12.2022  66

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қызметінен босатылды
10:54 01.12.2022  98

+3°С. Павлодар облысында желтоқсан айында ауа райы жылы болады
10:34 01.12.2022  92

Павлодар облысында мас жүргізушілердің саны азаймай тұр
10:08 01.12.2022  67

Салтанат Байқошқарова: «Диззи» ішкен келіннен дені сау бала туа ма?
09:41 01.12.2022  79

Екібастұзда сегіз көп қабатты үйдің тұрғындары жылыту пунктіне көшірілді
09:08 01.12.2022  94

Бүгіннен бастап жазғы дөңгелекпен жүргендер айыппұл арқалайды
08:35 01.12.2022  67

1 желтоқсанда Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді
08:06 01.12.2022  70

Кінәлі адамдар жауапқа тартылады – Әлихан Смайылов Екібастұздағы ТЖ туралы
23:33 30.11.2022  130

Павлодарда әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралады
23:07 30.11.2022  100

Екібастұздықтарға ТЖ кезіндегі нысындардың жұмысы туралы айтылды
22:09 30.11.2022  87

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Екібастұзға келді
21:30 30.11.2022  103

«Секундына жиырма қоңырау». «Жастар рухы» екібастұздықтарға көмектесуде
21:06 30.11.2022  113

Екібастұзда негізгі ақау шыққан құбырларға су толтырылуда
20:39 30.11.2022  124

Ақсу қаласында заңсыз кәсіппен айналысып жүрген шетелдік ұсталды
19:41 30.11.2022  103

Екібастұздағы апатты жою жұмысына 250-ден астам маман жұмылдырылды
19:17 30.11.2022  105

Павлодарда № 41 қосымша автобус енгізілді
18:36 30.11.2022  118

Екібастұзда тұрғындардың үйлеріне дейін жылытқыштар жеткізілуде
18:13 30.11.2022  113

Екібастұзда электр энергиясын заңсыз сату фактісі анықталды
17:21 30.11.2022  147

Екібастұздағы апатқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бірнеше департамент жүргізеді
17:09 30.11.2022  149

Екібастұзда өткен түнде қанша үйге жылу берілді
15:36 30.11.2022  115

Екібастұзда электр энергиясы үшін төлемді қайта есептеу механизмі қарастырылады
15:12 30.11.2022  114

Төтенше жағдайдан зардап шеккен екібастұздықтардың шығындары өтелетін болады
14:32 30.11.2022  119

Екібастұзда кешке дейін 17 көпқабатты тұрғын үйге жылу беріледі
13:26 30.11.2022  137

Депутат магистраль желілерін жаңғыртуға бөлінген қаражатты тексеруді сұрады
13:08 30.11.2022  147

Екібастұздағы жылыту орындары бір уақытта төрт мың адам қабылдай алады
12:10 30.11.2022  132

Павлодар колониясының қызметкері сыбайлас жемқорлық үшін бас бостандығынан айырылды
11:40 30.11.2022  145

Павлодарда құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің жертөлесінде қоқыс өртенді
11:09 30.11.2022  162

Екібастұзда үй өртенді (ВИДЕО)
10:41 30.11.2022  167

Екібастұзда негізгі магистраль қалпына келтірілуде
10:18 30.11.2022  150

Усолкадағы экосаябақта жыл бойы істейтін ана мен бала бөлмесі және әжетхана болады
09:42 30.11.2022  166

Қатар-2022: Иранды жеңген АҚШ плей-офқа жолдама алды
09:11 30.11.2022  149

Аяз: Павлодарда оқушылар онлайн форматта оқиды
08:25 30.11.2022  153

Сәрсенбі күні Павлодар облысында -25 градус аяз болады
08:02 30.11.2022  152

ҚР Премьер-Министрдің орынбасары: «Кінәлілер қатаң жазаланады»
02:04 30.11.2022  168

Жұманғарин Екібастұз тұрғындарына: Барлық шығын өтеледі
01:47 30.11.2022  189

Екібастұздағы апатпен күресіп жүрген бригадалар санын арттыру керек
01:21 30.11.2022  199

Екібастұзға Премьер-Министрдің орынбасары мен төтенше жағдайлар министрі келді
23:55 29.11.2022  203